2026 жылғы 29 сәуірде Қазақ ұлттық хореография академиясының оқу театрында көрнекті қазақстандық композитор, дирижер және Қазақстандағы кәсіби музыкалық мәдениеттің негізін қалаушы Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына арналған «Ахмет Жұбанов: музыка мен бидің үйлесімі» атты шығармашылық концерт өтті.
Кеш Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликпен басталды. Концерттің негізгі бөлігін музыкалық-аспаптық және хореографиялық өнердің байлығын айқындайтын түрлі нөмірлер, сондай-ақ кештің эмоциялық әсерін тереңдете түскен поэзиялық шығармалар құрады.
Концерт ұлы тұлғаға көрсетілген тағзым ретінде өтіп, Академияның жас әртістері орындауындағы классикалық мұра мен заманауи шығармашылық ізденістердің сабақтастығын айқын көрсетті.