2025 жылдың 2 желтоқсанында Қазақ ұлттық хореография академиясында «Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама негіздері», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері» пәндерін оқу аясында «Академиялық адалдық – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің құрамдас бөлігі» тақырыбында дебаттар өтті.
Хореография және өнер факультеттерінің барлық білім беру бағдарламаларының 2-курс студенттері өз баяндамаларын ұсынып, тақырыпты талқылап, тұжырымдар жасап, өз дәлелдерін келтіріп, ұстанымдарын қорғады.
Аталған дебаттар 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне де арналды.
Академиялық адалдық – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің маңызды бөлігі. Ол студенттерде шынайылық, сенім және жауапкершілік қағидаттарын қалыптастырады, бұл болашақта жемқорлыққа қарсы тұруға қажет. Білім беру кезеңінде академиялық адалдықты сақтау студенттерді ересек өмірде адал мінез-құлыққа дайындайды, алаяқтықтан, плагиаттан және сыбайлас жемқорлықтың негізінде жатқан басқа да бұзушылықтарды қабылдамауға тәрбиелейді.
Дебат қорытындысы бойынша 1 орынды «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламасының студенттері – «Адалдық дуэті» командасы құрамында Диана Хусаинова мен Еркеназ Казакбаева иеленді.
Сонымен қатар келесі номинациялар бойынша марапаттар табысталды: «Үздік спикер» – Инкар Маканова, «Ең білімді» – Диана Хусаинова.