18 қазанда Академияның конференц-залында Академиялық ұтқырлық бойынша ақпараттық кездесу өтті. Академиялық ұтқырлыққа қатысу Қатысушылардың академиялық және мәдени көкжиектерін кеңейте отырып, бүкіл әлемдегі беделді оқу орындарында жаңа білім мен тәжірибе алуға жол ашады. Бұл студенттерге академияның жетекші шетелдік және отандық серіктес университеттерінде білім алудың бірегей мүмкіндігі.
Іс-шара аясында академиялық ұтқырлық бойынша оқудан өткен студенттер қатысушылармен жеке тәжірибелерімен бөлісті. Чериязданова Аянұр, Икласова Ажар ("Арт-менеджмент", 4 курс) және Темирханова София ("өнертану", 3 курс) Латвия мәдениет академиясында бір семестр бойы оқудың қалай өткенін айтып берді.
Бес ай бойы студенттер өнер мен мәдениет саласындағы білімдерін тереңдетіп қана қоймай, 14 елге барып, соның арқасында әлемдік мәдениет және оның әртүрлілігі туралы түсініктерін кеңейтті.
Бұдан әрі халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімінің бас маманы Л.Д. Нұржанова қатысушыларды академиялық ұтқырлықты реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілермен, сондай-ақ бағдарламаға қатысу үшін ережелер мен талаптармен таныстырды. Академиялық ұтқырлық бойынша конкурстың басталуы туралы ресми ақпарат Академияның сайтында орналастырылады.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.