Сайт бойынша іздеу
Академияда Қазан мемлекеттік мәдениет университетімен бірге онлайн мастер-класс өтті

27 ақпанда Академияда серіктес жоғарғы оқу орны-Қазан мемлекеттік мәдениет университетімен онлайн мастер-класс өтті. Ынтымақтастық аясында екі оқу орнының оқытушылары тәжірибе алмасып, студенттермен кәсіби білімдерімен бөлісті.

Академия тарапынан Марта Грэм мектебінің техникасы бойынша “Заманауи би” бойынша шеберлік сабағын оқытушы Әсел Болатбекқызы Бақаева өткізіп, қатысушыларды осы бағыттың негізгі қағидаттарымен таныстырды. Өз кезегінде, Қазан мемлекеттік мәдениет университетінің өкілдері Академия студенттерін "Стрит-дэнстің 10 негізгі қимылын" үйретіп, олардың Би арсеналын кеңейтуге мүмкіндік жасады.

Ортақ іс-шара екі оқу орны арасындағы серіктестік қатынастарды нығайтудың кезекті қадамы болып, студенттерге әртүрлі би стильдеріне тереңірек үңіліп, өз шеберліктерін жетілдіруге мүмкіндік берді.