Бүгін Қазақ ұлттық хореография академиясында профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің Астана қаласы мәслихатының №12 сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат Нұрбол Тұрсынбаевпен кездесуі өтті. Сондай-ақ іс-шараға «AMANAT» партиясы Астана қаласы Есіл аудандық филиалының төрағасы Санира Жүсіпова қатысты.
Кездесу барысында Нұрбол Тұрсынбаев өзінің «Дені сау қоғам – жарқын болашақтың негізі!» атты сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Медицина саласында 25 жылдан астам еңбек өтілі бар кандидат өзінің басты басымдықтары – азаматтардың денсаулығы мен амандығы, сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі және қала инфрақұрылымын кешенді дамыту екенін атап өтті.
Кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары:
Кездесуге қатысушылар тікелей диалог форматында кандидатпен Астана қаласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарды қоя алды.