Сайт бойынша іздеу
Академияда Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған іс-шара өтті

Қазақ ұлттық хореография академиясының кәсіптік білім беру мектеп-колледжінде Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған «Ядролық физика және адамзаттың бейбіт болашағы» атты кіріктірілген іс-шара өткізілді.

Іс-шара телевизиялық бағдарламалар форматында ұйымдастырылып, 9-сынып оқушылары үшін сабақтың мазмұнын қызықты әрі танымдық етті. Оқушылар ядролық физиканың негіздерімен, Семей ядролық полигонының тарихымен және «Невада – Семей» қозғалысының қызметімен танысты.

Академия білім алушылары пікірталастарға, сұхбаттарға, зияткерлік ойындар мен ток-шоуға белсенді қатысып, ғылымның рөлі мен адамзаттың болашақ алдындағы жауапкершілігі туралы өз ойларын ортаға салды.

Өткізілген іс-шара азаматтық ұстанымды, сыни ойлауды дамытуға және тарих пен физика ғылымына деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті.