Сайт бойынша іздеу
Академияда Сарыарқадағы Алтын Орда ескерткіштеріне арналған ғылыми дәріс өтті

15 қыркүйекте кітапхананың оқу залында «Сарыарқадағы Алтын Орда дәуірінің Жошы Ұлысы ескерткіштері» тақырыбында ғылыми дәріс ұйымдастырылды.

Кездесудің бас дәріскері ретінде Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD Билялова Гүлзат Дулатқызы сөз сөйледі.

Дәріс барысында ғалым Қазақстанның орталық аймағында орналасқан Алтын Орда мен Жошы Ұлысы кезеңінің бірегей тарихи-археологиялық ескерткіштері туралы айтып, соңғы қазба жұмыстарының нәтижелерімен және құнды ғылыми жаңалықтармен бөлісті.

Кездесу соңында тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Ұлық Ұлыстың тарихы мен мәдениеті туралы толық мәлімет алды.