Академияда «Ш. Уәлиханов – Шығыс жұлдызы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті
2025 жылдың 10 ақпанында ұлы қазақстандық ғалым және ойшыл Шоқан Уәлихановқа арналған дөңгелек үстел өтті. Бұл шарада зерттеушілер мен мамандардың басын қосып, олар өздерінің білімдері мен ғылыми жетістіктерімен бөлісіп, Уәлиханов мұрасының ғылым мен мәдениет салаларындағы маңыздылығын ашып көрсетті.
Дөңгелек үстелдің модераторы:
Оқытушы Б. С. Абдрахманов.
Дөңгелек үстелдің қонақтары:
- Құлбаева Нұргүл Қабдрашитқызы – Сырымбет тарихи этнографиялық музейінің директоры. Нұргүл Қабдрашитқызы мәдени мұраны сақтау маңыздылығын атап өтіп, Шоқан Уәлихановтың этнографиялық зерттеулерге қосқан үлесін тереңінен қарастырды.
- Орденбек Блисбекович Мазбаев – география ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық информатизация академиясының академигі. «Шоқан Уәлихановтың керуен жолы бойымен жасаған саяхаты» тақырыбындағы баяндамасында Орденбек Блисбекович ғалымның Караван жолымен жасаған саяхаттарын және олардың Орта Азия тарихы мен географиясын зерттеудегі маңызын түсіндірді.
- Дұман Карибекұлы Құсбеков – философия ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті. Оның «Шоқан Уәлиханов: гуманизм философиясы, мәдени диалог және әлеуметтік әділеттік» баяндамасы Шоқан Уәлихановтың философиялық көзқарастары, оның гуманистік мұрасы және халықтар арасындағы мәдени диалогқа әсерін ашып көрсетті.
- Қазақ ұлттық хореография академиясының «Өнертану» мамандығының 2 курс студенттері: Камилла Шкибаева «Шоқан Уәлиханов өнердегі бейнесі: кескіндеме, мүсін және кино» тақырыбында, оның тұлғасы мен жетістіктері әртүрлі өнер түрлерінде қалай көрініс тапқанын баяндады. Гүлназ Исаинқызы «Ұлы Дала келбеті: Шоқан Уәлиханов және дәуір көріністеріндегі графика өнері» тақырыбында Уәлихановқа және оның өмір сүрген дәуіріне арналған графикалық өнерді зерттеу нәтижелерімен бөлісті.
Дөңгелек үстел ғалымдар мен жастар үшін Шоқан Уәлихановтың өмір жолы мен ғылыми мұрасын терең зерттеуге ықпал ететін маңызды оқиғаға айналды.