Бүгін, 14 сәуірде Қазақ ұлттық хореография академиясында Ғылым апталығы-2025 салтанатты түрде ашылды. Бірінші күн 9 ел – Қазақстан, Индонезия, Түркия, Болгария, Грузия, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және АҚШ спикерлерін біріктірген «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» халықаралық ғылыми – практикалық конференциясының пленарлық отырысынан басталды.
Конференция әлемнің түкпір-түкпірінен залда да, онлайн режимінде де спикерлердің қатысуымен өтті. Негізгі тақырыптардың қатарында халық биінің рухани мұрасы, көрнекті қайраткерлердің өнердің дамуына қосқан үлесі, ғылымдағы әйелдер көшбасшылығы, мұсылман шығысының көркем мәдениеті және қазіргі педагогикалық тәсілдер бар.
Академия оқытушылары мен қызметкерлерінің ғылыми және білім беру қызметін дамытуға қосқан үлесіне ерекше назар аударылды. Ашылу салтанаты аясында Академия оқытушылары мен қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ғылым және жоғары білім саласындағы жетістіктері үшін Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Күннің екінші жартысында үш параллель форматта ұйымдастырылған конференцияның секциялық отырыстары өтті:
Академия оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының зерттеушілері дайындаған 50-ден астам ғылыми баяндамалар тыңдалды. Тақырыптар өнердегі этнодизайн мен цифрландырудан бастап, нейрондық желілердің білім беру практикасына әсері мен ұлттық хореографиядағы сәйкестік мәселелеріне дейін болды.
Ғылым апталығы жалғасуда! Алда – үздік постерлік баяндама мен арт-жобаға арналған конкурстар, «Өнердегі білім» халықаралық телекөпірі, Science Café пікірталас сессиялары және жабылу салтанаты. Жаңалықтардан хабардар болу үшін біздің жаңалықтарымызды қадағалаңыздар - ең қызығы әлі алда!