Сайт бойынша іздеу
Академияда жаңа жылдық квест өтті

2025 жылғы 26 желтоқсанда Қазақ ұлттық хореография академиясында «Мульт-сиқыр» атты жаңа жылдық квест өтті. Квест педагогтер мен студенттерді сүйікті мультфильмдер әлеміне арналған жарқын мерекелік саяхатта біріктірді. «Дисней», «Ну, погоди!», «Гринч» және «Простоквашино» командалары интерактивті станциялардан өтіп, ептілік, тапқырлық, креативтілік пен командалық рухтарын көрсетті.

Қатысушылар жұмбақтар шешіп, ойын және шығармашылық тапсырмаларды орындады, әр кезеңде ишаралар жинап, ұпайлар иеленді. Квестің финалында жаңа жылдық квиз, «Аққаланы безендір» және «Шеңбер биінің шайқасы» байқаулары өтіп, қорытынды шығарылып, сыйлықтар табысталды.

Квест нәтижесі бойынша Гран-при жүлдесін «Гринч» командасы жеңіп алды.

  • 1-орын – «Ну, погоди!» командасы.
  • 2-орын – «Простоквашино» командасы.
  • 3-орын – «Дисней» командасы.

Мереке қуаныш, шығармашылық және бірлік атмосферасында өтіп, барлық қатысушыларға жарқын әсер, жаңа жылдық көңіл күй мен нағыз мульт-сиқыр сезімін сыйлады.