Бүгін, 2025 жылғы 26 ақпанда Академияның 14 қызметкері Мәдениет және білім қызметкерлерін қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа пәтерлер алды. Жаңа пәтер иелерінің арасында концертмейстерлер мен кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің, интернаттың, кітапхананың, оқу процесі қызметінің, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің, сондай-ақ инженерлік бөлімнің және бухгалтерия қызметкерлері бар.
Осыған дейін, 2024 жылы, Республика күніне орай, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пәтерлерге сертификаттар табыстады, ал бүгін қызметкерлер одан әрі жекешелендіру құқығымен жалдау шарттарына қол қойды.
Бұл қадам Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауының арқасында болды, әлеуметтік мәселелерге назар аударуды және мәдениет пен білім беру саласындағы қызметкерлерге қамқорлықты көрсетеді. Осы бастаманы іске асыруға қосқан баға жетпес үлесі үшін Балаева Аида Ғалымқызына ерекше алғыс білдіреміз. Барлық әріптестерімізді қуанышты сәттерімен құттықтаймыз және оларға жаңа үйлерде бақыт пен өркендеу тілейміз!