Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Асылмұратова «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. Айтулы дата құрметіне арналған медаль Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан тапсырылды.
Бұл марапат еліміздің қоғамдық келісімін нығайтуға, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдік азаматтарды көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы құрметіне орай табыс етіледі.
Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы Алтынай Абдуахимқызын жоғары марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, қызметіне кәсіби жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейді!