Құрметті Арман Оразбайұлы!
Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы сізді Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтайды.
Сіздің мол басқарушылық тәжірибеңіз бен мәдениет саласын терең түсінуіңіз отандық өнер мен білім беру жүйесінің дамуына жаңа серпін беретініне сенімдіміз.
Сізге зор денсаулық, сарқылмас қуат және осы жауапты мемлекеттік қызметте үлкен табыс тілейміз. Кәсіби қызметіңіз жемісті болып, отандық мәдениетті, өнер мен білім беру саласын дамыту жолындағы еңбегіңіз биік белестерден көрінсін.
Құрметпен, Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы