Сайт бойынша іздеу
«Астана Балет» театрында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған марапаттау рәсімі өтті

2026 жылғы 21 мамырда «Астана Балет» театрының сахнасында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік концерт пен марапаттау рәсімі өтті.

Концертке Қазақ ұлттық хореография академиясының білім алушылары қатысып, Л. Делиб музыкасына қойылған, Олег Игнатьевтің хореографиясындағы «Grand pas académique» нөмірін орындады. Жас әртістер кезекті рет жоғары орындаушылық шеберліктерін көрсетті.

Марапаттау рәсіміндегі Академия үшін маңызды оқиғалардың бірі – хореография факультеті деканының орынбасары Евгений Моисеевке Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің табысталуы болды. Марапатты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыс етті.

Сонымен қатар Академияның оқу театрында тағы бір марапаттау рәсімі өтті. Академияның бірқатар қызметкерлері білім мен мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хат» ведомстволық марапаттарына ие болды.

«Құрмет грамотасымен» марапатталғандар:

  • Алма Қасымова – Өнер факультетінің өнертану және арт-менеджмент кафедрасының доценті;
  • Айнұр Надирбекова – Кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің жалпы білім беру пәндік-циклдық комиссиясының оқытушысы.

«Алғыс хатпен» марапатталғандар:

  • Анастасия Сокольская – Кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің арнайы пәндер пәндік-циклдық комиссиясының мұғалімі;
  • Қарашаш Махадилова – Кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің жалпы білім беру пәндік-циклдық комиссиясының оқытушысы;
  • Альбина Бданова – Кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің концертмейстерлік шеберлік және фортепиано бөлімінің оқытушысы.

Сондай-ақ Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкеннің атынан «Алғыс хатпен» Қазақ ұлттық хореография академиясы интернатының жетекшісі Раушан Рашитова мен Академияның HR секторының жетекшісі Әлемгүл Балғабаева марапатталды.

Ведомстволық марапаттар – мамандардың кәсіби жетістіктерін, көпжылдық еңбегін және Қазақстан Республикасының білім беру мен мәдениет жүйесінің дамуына қосқан үлесін мойындаудың белгісі.

Қазақ ұлттық хореография академиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға мәдениетті, оның ішінде хореография өнерін дамытуға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіреді. Сондай-ақ Академия барлық марапат иелерін құттықтап, оларға зор денсаулық, амандық, жаңа шығармашылық жетістіктер мен толағай табыстар тілейді!