Қазақ ұлттық хореография академиясы 6 шілде — Астана күнімен шын жүректен құттықтайды!
Елордамыздың іргетасы қаланған сәттен бастап, қарқынды дамып, халықаралық аренада өзіндік орнын таба білді. Бүгінде бас қаламыз – еліміздің ғана емес, бүкіл әлемнің назарын аударған, маңызды шешімдер қабылданатын саяси, мәдени және рухани орталыққа айналып отыр.
Бас қалада орналасқан Қазақ ұлттық хореография академиясы да биік мақсаттарға жетуде өз үлесін қосып келеді. Академия — ұлттық өнерді дәріптеу мен оны халықаралық деңгейге шығару жолындағы маңызды мәдени мекеме. Астананың жаһандық беделі бізге үлкен мүмкіндік беріп қана қоймай, өнер арқылы ұлттық болмысты әлемге танытуға жол ашады.
Астанамыздың абыройы артып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Елордамыз — өнер мен білімнің, рух пен жаңашылдықтың ордасы бола берсін!