2026 жылғы 21 сәуірде қатысушылар конкурстың II турында өз қойылымдарын ұсынды. Көрсетілім Астана Балет театры сахнасында өтті.
Екінші турда 25 конкурс нөмірі ұсынылып, хореография бағыттарының, бейнелер мен музыкалық шешімдердің кең ауқымы көрініс тапты. Қойылымдардағы эмоциялар көрерменге әрбір қимыл мен музыкалық үнді бірге сезінуге мүмкіндік берді.
Ресей Федерациясынан Мәскеу мемлекеттік хореография академиясы студенттері «Тәттілер», «Екі сыған қызы», «Жоғалған иллюзиялар» нөмірлерін көрсетті.
Башқұртстан Республикасы Исмагилов атындағы Уфа мемлекеттік өнер институты студент қыздары орындаған «Құс руы жауынгер қыздарының биі», ұсынды.
Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университеті қатысушылары «Өткеннің естелігі», «Ерлік жанбайды», «Тыныс алу», «Белгісіз» жұмыстарын ұсынды.
Қырғыз Республикасынан «Ішімде қаттырақ», «Менің махаббатым, менің арманым», «Ізденіс», «BAD KARMA» қойылымдары көрсетілді.
Өзбекстан «Ақыл тұзағы» қойылымымен, ал Әзірбайжан «Мұнара құпиясының биі» нөмірімен қатысты.
Қазақстан тарапынан ең көп жұмыстар ұсынылды. Олардың қатарында Қазақ ұлттық хореография академиясы студенттерінің «Дыбыссыз айқай», «Әйел», «Жанымда бол», «Асураның қадамы», «Триас» қойылымдары бар. Сондай-ақ Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттерінің «Болмыс сызығы», «Монолог», «Ұмытылу», «Homo sapiens», «Сүйісу» жұмыстары және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті қатысушыларының «Жазмышты махаббат» қойылымы ұсынылды.
Орындаушылардың өнері сөзден де терең әсер қалдырды — әрбір қатысушы өз жұмысына жан-тәнін салып, көрерменге әсер ететін шынайы шығармашылық жеткізе білді.
Конкурс бағдарламасынан бөлек, қонақтар үшін кешкі Астана бойынша серуен ұйымдастырылды.