Сайт бойынша іздеу
Қазақ кинооператорының авторлық стилі тақырыбындағы семинар

2025 жылғы 25 сәуірде 8D02107 «Өнертану» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Аспандиярқызы Гаухардың ғылыми семинары өтті. Ғылыми баяндамасының тақырыбы – «Қазақ киноөнеріндегі операторлық авторлық стильдің қалыптасуы мен дамуы».

Семинар барысында Гаухар өз диссертациялық жұмысының негізгі тұжырымдарын ұсынды. Ол қазақстандық операторлық мектептің тарихи даму кезеңдерін, отандық операторлардың бейнелеу тіліне тән ерекшеліктерін, сондай-ақ кино өнеріндегі авторлық стильді талдау әдістерін жан-жақты қарастырды.

Теориялық-әдістемелік тәсілдерге, кино тілі мен визуалды стильді зерттеу мәселелеріне, сондай-ақ ұлттық операторлық дәстүрді әрі қарай зерделеудің болашағына ерекше назар аударылды.

Гаухар Аспандиярқызы Пассау университетінде (Германия) профессор Биргит Беймерстің ғылыми жетекшілігімен өткен шетелдік ғылыми тағылымдамасы туралы да айтып берді. Докторант Германия мұрағаттарымен жұмыс нәтижелерімен, ғылыми іс-шараларға қатысу тәжірибесімен және киноөнертану саласындағы халықаралық ынтымақтастық келешегімен бөлісті.

Семинар ғылыми және сындарлы атмосферада өтіп, қатысушылардың қызығушылығы мен қызу пікірталасын туғызды.