Сайт бойынша іздеу
Қазақ ұлттық хореография академиясы мен TİKA өзара ынтымақтастықты талқылады

2025 жылғы 30 маусымда Қазақ ұлттық хореография академиясына жұмыс барысымен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TİKA) Қазақстан Республикасындағы координациялық кеңсесінің үйлестірушісі Фуат Эрдоғмуш мырза келді.

Құрметті мейманға арнайы танымдық экскурсия ұйымдастырылып, білім алушылардың хореографиямен айналысатын залдары, кітапхана, дәрісханалар, интернат, сондай-ақ оқу орнының тарихы мен бүгінгі жетістіктері таныстырылды.

Сонымен қатар Академия ректоры Бибігүл Нүсіпжанова оқу орны жүзеге асырған ауқымды жобалар туралы баяндап, студенттердің халықаралық және шығармашылық жетістіктеріне кеңінен тоқталды.

Кездесу барысында Академия мен TİKA арасындағы алдағы бірлескен жобалар мен өзара ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды.