Сайт бойынша іздеу
Қазақ ұлттық хореография академиясы «Өнер жоғары оқу орындары» санаты бойынша Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингісінде көшбасшылықты растады

Астана, 2026 жылғы 17 шілде – Қазақ ұлттық хореография академиясы IQAA - 2026 институционалдық рейтингісінде өнер жоғары оқу орындары арасында бірінші орын алып, көрнекті академиялық көрсеткіштерін тағы да көрсетті. Толық нәтижелер келесі сілтеме бойынша қол жетімді: https://iqaa.org/ranking2026/

IQAA рейтингі – Қазақстандағы жоғары білім сапасын бағалаудың ең беделді құралдарының бірі. Рейтинг әдістемесі нәтижелердің объективтілігін қамтамасыз ететін кешенді тәсілге негізделеді: қорытынды балл жоғары оқу орны қызметінің академиялық көрсеткіштерін талдау, сараптамалық бағалау, сондай-ақ білім беру процесінің негізгі қатысушылары – жұмыс берушілердің, студенттердің және түлектердің пікірлерін зерделеу нәтижелері негізінде қалыптастырылады.

IQAA рейтингісінің халықаралық деңгейдегі беделі жоғары агенттіктің Еуропа, Америка және Азияның 20 елінен жетекші рейтингтік ұйымдарды біріктіретін «IREG – академиялық рейтингтер мен жоғары сапа жөніндегі халықаралық обсерватория» халықаралық ұйымының толық құқылы мүшесі және тең құрылтайшысы болып табылатындығымен расталады.

IQAA 2026 рейтингісінде бірінші орынға ие болу – Академия ұжымы мен білім алушыларының жүйелі еңбегінің, кәсіби біліктілігі мен шығармашылық ізденісінің жарқын нәтижесі. Соңғы жылдары Академия ұлттық және халықаралық деңгейде көптеген шығармашылық әрі ғылыми жобаларды сәтті жүзеге асырып, заманауи білім беру бағдарламаларын енгізіп, өз саласындағы көшбасшылық орнын нықтай түсті.

Қазақ ұлттық хореография академиясы – көпдеңгейлі хореографиялық білім берудің толық циклын жүзеге асыратын Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны. Академия академиялық дәстүрлерді заманауи шығармашылық тәжірибемен ұштастыра отырып, кәсіби кадрлар даярлау ісінде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Әлемнің жетекші хореографиялық орталықтарымен орнатылған серіктестік студенттерге халықаралық жобаларға қатысуға, озық тәжірибе жинақтауға және жаһандық еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби құзыреттерді меңгеруге мүмкіндік береді.

Академия студенттерін, оқытушылары мен қызметкерлерін осы елеулі жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Академияның биік белестерді бағындырып, шығармашылық және ғылыми табыстары арта беруіне, ал ұжымына жаңа жетістіктер мен толағай табыс тілейміз!