Сайт бойынша іздеу
Қазақ ұлттық хореография академиясына 1-5 сыныптарға түсетін балаларға (6 жастан 11 жасқа дейін) алдын ала іріктеу жарияланады.

Қазақ ұлттық хореография академиясына 1-5 сыныптарға түсетін балаларға (6 жастан 11 жасқа дейін) алдын ала іріктеу жарияланады.

1-3 сыныптарға қабылдау тек Астана қаласында тұратын балалар үшін жүргізіледі.

4-5 сыныптарға қабылдау Қазақстанның барлық өңірлерінен келген балалар үшін жүргізіледі.

Астана қаласында тұратын балаларға алдын ала іріктеу 2025 жылғы 3 ақпаннан 13 маусымға дейін жүргізіледі. Алдын ала іріктеу келесі мекен-жай бойынша өтеді: Ұлы дала даңғылы 43/1, Балет ғимараты, Ботаникалық бақтан кіреберіс. Алдын ала іріктеуге келесі телефондар арқылы жазылуға болады: 8 (7172) 79-85-89, 79-85-54, 79-85-84, 79-85-42, +700 508 51 00 (WhatsApp).

Алдын ала іріктеуден өткен балалар 2025 жылғы маусым-шілде айларында Қазақ ұлттық хореография академиясына (Астана қ.) қабылдау емтихандарына шақырылады.

Анықтама телефоны: 8 (7172) 79-85-42, +77005085100 (WhatsApp).