Қазақ ұлттық хореография академиясына Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өкілдері келді.
Кездесуге Испания Миссия басшысының орынбасары, мәдениет бойынша Атташе Беатрис Муньос, Испания корольдік консерваториясының түлегі, Испания ұлттық балетінің әртісі әрі хореограф Карлос Ромеро, хореограф ассистенті Бланка Диез және Елшіліктің мәдениет бөлімінің менеджері Әлия Айзахметова қатысты.
Сапар барысында тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен шығармашылық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ хореография саласында тәжірибе және білім алмасу мәселелерін талқылады.
Қонақтарға Академияның қызметі таныстырылып, экскурсия ұйымдастырылды.
Меймандар оқу орнының заманауи инфрақұрылымына, білім беру бағдарламаларына және студенттердің шығармашылығына жоғары баға беріп, Академияға тәнті болды.