Сайт бойынша іздеу
Қазақ ұлттық хореография академиясында «Әділет» партиясының өкілдерімен кездесу өтті

«Әділет» партиясының сайлауалды науқаны аясында Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымымен үгіт-насихат кездесуі өтті. Жиынды «Әділет» партиясының Астана қаласы Есіл аудандық филиалының төрағасы Санира Жүсіпова жүргізді.

Кездесуге Құрылтай депутаттығына кандидат Гүлісхан Нахбаева, сондай-ақ партияның сенімді өкілдері Санди Сұлтан мен Аманғали Нұрдәулетов қатысты. Олар академия ұжымын «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Жиын барысында ұлттық мәдениетті дамыту, өнер саласындағы білім беру сапасын арттыру, шығармашыл жастарды қолдау және мәдениет қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері талқыланды. Қатысушылар ұлттық өнерді дәріптеу мен жас таланттардың кәсіби тұрғыда қалыптасуына қолайлы жағдай жасаудың маңызын атап өтті.

«Әділет» партиясының бағдарламасында білім мен мәдениет саласына жүйелі қолдау көрсету, дарынды жастардың әлеуетін ашу және шығармашылық мамандықтардың беделін арттыруға ерекше көңіл бөлінген. Кездесу соңында академия қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.

Академия білім алушылары «Хассақ» ансамблінің музыкасына қойылған «Қос құрбы» хореографиялық нөмірін орындады. Хореография авторы – А. Шәмшиев. Орындаушылар: Камила Шкибаева мен Карина Уәлиханова. Қойылым көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, ұлттық дәстүрдің көркемдігін, орындаушылардың кәсіби шеберлігі мен Академия білім алушыларының жоғары дайындық деңгейін айқын көрсетті.