2026 жылғы 20-22 маусым аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясында орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Қазақ биін оқытудың теориясы мен әдістемесі», «Шығыс биін оқытудың теориясы мен әдістемесі», «Халықтық-сахналық биді оқытудың теориясы мен әдістемесі», «Классикалық би. Кіші сыныптарда оқыту әдістемесі (1, 2 және 3-оқу жылдары)» білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстары басталды.
Әрбір бағдарлама 72 академиялық сағатқа есептелген және аралас оқыту форматында жүзеге асырылады. Бұл практикалық сабақтарды күндізгі форматта өткізуге және теориялық материалды қашықтықтан меңгеруге мүмкіндік береді.
Курс тыңдаушылары қатарында Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінен келген педагогтер мен хореографиялық ұжымдардың жетекшілері бар. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Атырау және Ақмола облыстары мен Астана қаласының өкілдері қатысуда. Қатысушылардың кең географиясы Академия бағдарламаларына кәсіби қауымдастық тарапынан жоғары қызығушылық бар екенін көрсетеді.
2026 жылғы 21 маусымнан бастап жүзеге асырылып жатқан «Шығыс биін оқытудың теориясы мен әдістемесі» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген біліктілікті арттыру бағдарламаларының тізбесіне енгізілген. Бағдарламаның өзектілігі хореография педагогтерінің кәсіби құзыреттерін жетілдіру, Шығыс халықтары билерінің (өзбек, ұйғыр, тәжік, иран, сирия, корей, қытай) оқыту әдістемесін жаңарту, сондай-ақ білім алушылардың қозғалыс үйлесімділігін, мәнерлілігі мен музыкалылығын дамыту қажеттілігімен айқындалады.
Курс оқытушысы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, өнертану кандидаты, профессор, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2020» конкурсының жеңімпазы, Өзбек ұлттық хореография академиясының құрметті профессоры, Шығыс халықтарының билері бойынша 90-нан астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің авторы Саитова Гульнара Юсуповна.
2026 жылғы 22 маусымда басталған «Қазақ биін оқытудың теориясы мен әдістемесі» бағдарламасы да Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары тізбесіне енгізілген. Бағдарлама ұлттық хореография өнерін дамыту және білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ қазақ биі оқытушыларына әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған.
Курс оқытушысы – өнертану кандидаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, балетмейстерлік өнер кафедрасының аға оқытушысы Садықова Анвара Ариповна.
2026 жылғы 21 маусымнан бастап жүзеге асырылып жатқан «Классикалық би. Кіші сыныптарда оқыту әдістемесі (1, 2 және 3-оқу жылдары)» бағдарламасы да Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген білім беру бағдарламаларының тізбесіне енгізілген. Бағдарламаның өзектілігі хореография өнері және білім беру салаларында кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру мақсатында классикалық би мамандарының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру қажеттілігіне негізделген.
Бағдарлама оқытушыларға классикалық бидің негізгі қозғалыстарын оқыту әдістемесі мен орындау техникасы, музыкалық сүйемелдеудің ерекшеліктері, сондай-ақ білім алушылардың жас ерекшеліктері мен дайындық деңгейін ескере отырып, педагогикалық ықпал ету әдістерін қолдану мәселелері бойынша әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған.
Курс оқытушысы – Қазақ ұлттық хореография академиясының оқытушысы, әдіскер, «Құрмет» орденінің иегері Макарцева Людмила Викторовна.
2026 жылғы 21 маусымнан бастап жүзеге асырылып жатқан «Халықтық-сахналық биді оқытудың теориясы мен әдістемесі» бағдарламасы да Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген білім беру бағдарламаларының тізбесіне енгізілген.
Бағдарламаның өзектілігі хореография педагогтерінің кәсіби құзыреттерін жаңартуға, халықтық-сахналық билерді зерттеу, орындау және оқыту әдістемесін жетілдіруге, білім алушылардың қозғалыс үйлесімділігін, музыкалылығын және би мәнерлілігін дамытуға бағытталған.
Бағдарлама оқытушылары:
Курстардың алғашқы күндері тыңдаушылардың жоғары ынтасы мен қызығушылығын, сондай-ақ ұсынылған бағдарламалардың практикалық маңыздылығын көрсетті. Ұйымдастырушылардың атына осындай курстарды болашақта да өткізу туралы өтініштер келіп түсуде.
Қазақ ұлттық хореография академиясы барлық қатысушыларға белсенділігі, кәсіби қызығушылығы және би өнеріне деген адалдығы үшін алғыс білдіреді. Академия алынған білім мен дағдылар хореографиялық білім беру сапасын арттыруға және өскелең ұрпақтың ұлттық әрі әлемдік би мәдениетіне қызығушылығын дамытуға ықпал етеді деп сенеді.