Қазақ ұлттық хореография академиясында 2026 жылғы 2–3 сәуір күндері 6В02106 – «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар арасында «Креативті арт-индустриядағы жасанды интеллект» тақырыбында XVIII Республикалық пәндік олимпиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өтті.
Заманауи өнер мен цифрлық технологиялардың тоғысқан тұсын қамтыған бұл өзекті тақырып білім алушылардың шығармашылық ойлауын, инновациялық көзқарасын және кәсіби дайындық деңгейін жан-жақты бағалауға мүмкіндік берді. Олимпиада бүгінгі креативті индустрияның дамуындағы жасанды интеллекттің рөлі, оның өнер менеджментіндегі мүмкіндіктері мен болашақтағы маңызына арналды.
Олимпиадаға Қазақстанның жоғары оқу орындарының білім алушылары қатысып, арт-менеджмент саласындағы теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.
Олимпиада бағдарламасы аясында қатысушылар бейінді пән бойынша тест тапсырмаларын орындап, жасанды интеллекттің креативті арт-индустриядағы қолданылуына байланысты ситуациялық кейстерді талдады. Білім алушылар қазіргі өнер кеңістігіндегі цифрлық шешімдер, мәдени жобаларды басқарудағы ЖИ құралдары, аудиториямен коммуникацияның жаңа формалары және арт-жобаларды ілгерілетудегі инновациялық тәсілдер бойынша жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Жеңімпаздар
I дәрежелі диплом:
Ғылыми жетекшісі: Пягай Александр Анатольевич, экономика ғылымдарының докторы, профессор.
II дәрежелі диплом:
Ғылыми жетекшісі: Асқар Аңсар Ұзақбайұлы, өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы.
Ғылыми жетекшісі: Жусупова Алия Мукашевна, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессордың м.а.
III дәрежелі диплом:
Ғылыми жетекшісі: Касымова Алма Кабдыровна, саяси ғылымдар кандидаты, доцент.
Ғылыми жетекшісі: Балағұмар Жәнібек Дастанұлы, өнертану магистрі, оқытушы.
Ғылыми жетекшісі: Кешубаева Динара Ермековна, өнертану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы.
Олимпиада қорытындысы білім алушылардың креативті ойлау қабілетін, жасанды интеллектті өнер және менеджмент саласында тиімді пайдалану мүмкіндіктерін терең меңгергенін көрсетті.
Бұл маңызды іс-шара Қазақ ұлттық хореография академиясының заманауи білім беру үдерісіндегі инновациялық бағыттарды қолдай отырып, креативті арт-индустрия үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы көшбасшылық ұстанымын тағы бір мәрте айқындады.