Сайт бойынша іздеу
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА СТУДЕНТТЕР АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТЕДІ

2024 жылғы 8 қазан күні сағат 10.00-де Қазақ ұлттық хореография академиясының ғимаратында (Астана қ., Ұлы Дала даңғылы, 43/1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жастар жобалары мен бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге қатысты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде құрылған студенттер Ассамблеясының ашылуы өтеді.

Шараға Президент Әкімшілігінің, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының өкілдері, Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанова, «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері мен студенттер қатысады.

Іс-шара барысында студенттер қоғамдық келісімді нығайтуға және жастардың жалпықазақстандық құндылықтарын дамытуға бағытталған шығармашылық бастамалар ұсынады.

Сондай-ақ, өңірлерде жастардың шығармашылық дағдыларын дамыту бойынша бірлескен жобалар таныстырылады.