16 қазан күні сағат 15:00-де Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Студенттер сарайының сахнасында Қазақстан Республикасының Республика күнін мерекелеу аясында қаланың мәдени өміріндегі жарқын оқиға – Қазақ ұлттық хореография академиясы тәрбиеленушілерінің концерті өтеді.
Қазақ ұлттық хореография академиясы жаңа оқу жылында 10 жылдығын атап өтуде. Академия балет сахнасының болашақ жұлдыздары дүниеге келіп, қанат қағатын кәсіби хореографиялық білім берудің танымал орталығы болып табылады. Бұл концерт жас таланттардың шығармашылығымен танысуға және шабыттандырушы, біріктіруші өнермен қауышуға тамаша мүмкіндік береді.
Бұл кеште көрермендерді мазмұнды әрі сан қырлы бағдарлама күтеді: классикалық балет репертуарының шығармалары, заманауи шетелдік және отандық хореографтардың қойылымдары, сондай-ақ заманауи, спорттық бал және ұлттық билер.
Мәнерлі хореография, көз тартарлық костюмдер және жас әртістердің шынайы орындаушылығы көрермендерге ұмытылмас әсер мен шынайы эстетикалық қуаныш сыйлайды.
Концерт Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді.