Қазақ ұлттық хореографиясының білім алушылары беделді байқауларда Қазақстан Республикасының атынан бақ сынасып, халықаралық аренада жоғары жетістіктерге қол жеткізуде.,
Жас әртістердің кәсіби дамуына қолдау білдіріп жүрген серіктесіміз – «Astana Art Fund».
Қор демеушілігімен жүзеге асқан кейбір маңызды жеңістер:
2022 жылы Хорватияның Загреб қаласында өткен Халықаралық балет конкурсында
2023 жылы 4-10 сәуір аралығында Алматыда өткен хореографиялық оқу орындарының VIII халықаралық «ӨРЛЕУ» байқауында
2024 жылы өткен «Арабеск – 2024» байқауында Пермь қаласы (Ресей)
2024 жылғы 18-22 қараша аралығында Budapest Ballet Grand Prix, Будапешт қаласы (Венгрия):
Аталған байқауға әлемнің 31 елінен жас бишілер қатысты. Қазақ ұлттық хореография академиясы «Astana Art Fund»-қа жас дарындарды қолдап, халықаралық жобаларға қатысуларына атсалысып, сондай-ақ Қазақстанның әлем сахналарында оң имиджін қалыптастыру ісіне қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Қормен ынтымақтастық республикада тұрақты кәсіби ортаны қалыптастыруға және балет өнерін дамытуға ықпал етеді.