2025 жылғы 23 қазанда «Hilton Tashkent City» қонақ үйінде «Түркі әлемінің сәндік-қолданбалы өнері: өткені, бүгіні, болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара Өзбекстан Көркемөнер академиясы, Камолиддин Бехзод атындағы өнер және дизайн ұлттық институты және «Science and Innovation» халықаралық ғылыми журналының ұйымдастыруымен өткізілді.
Конференцияның ашылу салтанатында Өзбекстан Көркемөнер академиясының бас ғылыми хатшысы Феруза Абиджанова, институт ректоры Омонулла Салихов, Әзербайжан мемлекеттік өнер және мәдениет университетінің ректоры Джейран Эмин кызы Махмудова сөз сөйлеп, қатысушыларға табыс тіледі.
Конференцияны академик, өнертану ғылымдарының докторы, профессор Камола Акилова жүргізді.
Іс-шараға Түркия, Әзербайжан және Қазақстан ғалымдары мен зерттеушілері қатысты.
Олардың қатарында: профессор Нурсен Озкул Финдик, профессор Сеухан Йылмаз, өнертану докторы Демет Орнек, доцент Сеннур Кая, философия докторы (өнертану) Румейса Рагсана Хасанзаде, философия докторы (сәулеттану) Нардана Юсифова, сондай-ақ Қазақстаннан келген Қазақ ұлттық хореография академиясының өкілдері — PhD Серік Қырқанұлы Жүнісов пен докторант Саида Дулатқызы Саттыбаева болды.
Ғылыми тағылымдама аясында докторанттар өз зерттеулерінің нәтижелерін халықаралық ғылыми қауымдастық алдында апробациядан өткізді:
Конференцияға қатысу докторанттардың ғылыми құзыреттіліктерін дамытуға, халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейтуге және өнер саласындағы зерттеу нәтижелерін апробациялауға бағытталған тағылымдаманың маңызды бөлігі болды.