Қазақ ұлттық хореография академиясының докторанттары ғылыми тағылымдама барысында Өзбекстанның жетекші мәдени және өнер ұйымдарында болды
Ташкент қаласындағы ғылыми тағылымдама аясында Қазақ ұлттық хореография академиясының докторанттары Өзбекстанның жетекші мәдени және өнер мекемелерінің жұмысымен танысты. Бағдарлама тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстарды кеңейтуге және аймақтағы өнердің қазіргі жағдайын зерделеуге бағытталды.
Тағылымдама барысында докторанттар келесі нысандарда болды:
- Темір әулеті тарихы мұражайы – Әмір Темір дәуірінің бай тарихи мұрасымен танысты;
- Алишер Науаи атындағы мемлекеттік академиялық Үлкен театрында «Ромео мен Джульетта» балетін тамашалады;
- Өзбекстан өнер және мәдениет мемлекеттік институты – өнер саласындағы жетекші білім ордаларының бірі;
- «Дийдор» эксперименттік театры – заманауи қойылымдарымен және авторлық режиссерлік шешімдерімен танымал сахна алаңы;
- Өзбек ұлттық академиялық драма театры – «Алғашқы қарлығаш» спектаклін тамашалады;
- Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясы – оқытушылар және студенттермен кездесу өтті;
- Әзербайжан Елшілігіндегі фото көрме – түркі елдерінің мәдени байланыстарына арналды;
- «Ислам өркениеті орталығының» ашылу салтанатына қатысты.
Тағылымдама аясындағы бұл іс-шаралар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өнер және білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.