Сайт бойынша іздеу
Қазақ ұлттық хореография академиясының өкілдері Nazarbayev University-де өткен форумға қатысты

2026 жылғы 15-16 қаңтарда Nazarbayev University-де Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен «Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: жағдайы мен даму перспективалары» атты форум өтті. Аталған форумға Академия өкілдері де қатысты.

Іс-шара барысында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытуға қатысты негізгі мәселелері, атап айтқанда, ғылыми қызметтің сапасын бағалаудың жаңа тәсілдері, диссертациялық кеңестерді жетілдіру және білім беру мен зерттеу процесстерінде жасанды интеллектіні қолдану мәселелері талқыланды.

Бағдарламаға университеттерді халықаралық аккредиттеуге дайындауға, сыртқы стейкхолдерлердің рөліне, білім беру қызметтерін экспорттаудың үздік тәжірибелеріне, аккредиттеу кезіндегі типтік қателіктер мен практикалық ұсыныстарға арналған ASIIN, QAA және НААР халықаралық воркшоптары енгізілді.

Сонымен қатар ҚР ҒЖБМ қарасты ұйымдардың ректорлары мен проректорларының қатысуымен кеңес өтті. Тақырыптық және пленарлық сессияларда мемлекеттік реттеу, ішкі сапаны қамтамасыз ету, заманауи білім беру технологияларын енгізу, желілік бағдарламаларды дамыту және білім беру бағдарламалары рейтингтерінің білім беру қызметтерінің сапасын арттыру ықпалы талқыланды.

Қазақ ұлттық хореография академиясы өкілдерінің форумға қатысуы білім беру сапасы саласындағы жетекші сарапшылармен тәжірибе алмасуға, заманауи халықаралық тәжірибелерді талқылауға және академиялық әрі зерттеу қызметін одан әрі дамыту бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді. Іс-шара қорытындылары Академияның білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және оның ұлттық әрі халықаралық білім беру кеңістігіндегі ұстанымын нығайтуға негіз болады.