Сайт бойынша іздеу
Қазақ ұлттық хореография академиясының оқытушысы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

Қазақ ұлттық хореография академиясы Кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің арнайы пәндер бойынша пәндік-циклдік комиссиясының оқытушысы Шәмшиев Алмат Шердарұлы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Алмат Шердарұлы — халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Қазақ ұлттық хореография академиясының аға оқытушысы, өнертану магистрі, аталған академияның докторанты.

Академия ұжымы атынан әріптесімізді жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің өнер саласына қосып жүрген елеулі үлесіңіз арта берсін. Сізге шығармашылық табыс, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге толағай табыстар тілейміз!