Сайт бойынша іздеу
Қазақ ұлттық хореография академиясының профессоры «Үздік ғылыми қызметкер – 2025» сыйлығының лауреаты атанды

«Үздік ғылыми қызметкер – 2025» жыл сайынғы сыйлығының қорытындылары жарияланды. «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығы Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 103-VIII ҚРЗ «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңына сәйкес тағайындалады және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жүзеге асыратын ғалымдарды қолдаудың жүйелі шараларының бірі болып табылады. Сыйлықтың мақсаты — ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғылыми қызметкерлерді ынталандыру, сондай-ақ ғылыми және ғылыми-зерттеу қызметін қолдау.

Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу институттарын, жоғары білім беру ұйымдарын және түрлі ұйымдардың ғылыми бағыттары бойынша 50 ғалым лауреат атанды. Конкурсқа жеті бағыт бойынша өтінім қабылданды: «Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар», «Медицина және денсаулық сақтау», «Әлеуметтік ғылымдар», «Гуманитарлық ғылымдар және өнер», «Ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары», «Әскери ғылымдар және ұлттық қауіпсіздік».

Конкурс қорытындысы бойынша еліміздің 50 үздік ғалымының қатарына Қазақ ұлттық хореография академиясы өнертану және арт-менеджмент кафедрасының меңгерушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Жұмасейітова Гүльнара Тазабекқызы енді.

Академия профессорының жеңімпаздар қатарынан көрінуі — гуманитарлық ғылымдар мен өнер саласының дамуына қосқан елеулі үлесінің мойындалуы, сондай-ақ Академияда жүзеге асырылып отырған ғылыми-зерттеу қызметінің жоғары деңгейін айғақтайды.

Профессор Гүлнара Тазабекқызын лайықты марапатымен құттықтай отырып, алдағы уақытта кәсіби қызметінде толағай табыстар, жаңа ғылыми жетістіктер және ғылым мен өнер саласындағы жемісті еңбегінің одан әрі жалғаса беруін тілейміз.