2024-2025 оқу жылында Қазақ ұлттық хореография академиясының 4 студенті академиялық ұтқырлық аясында беделді оқу орындарына білім алуға барады: Латвия мәдениет академиясына және Ресей театр өнері институтына – ГИТИС. Бұл студенттерге халықаралық академиялық ортада өз біліктіліктерін арттыруға және жаңа білім мен дағдыларды игеруге тамаша мүмкіндік.
Конкурстық іріктеу нәтижесінде 6B02106 — «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламасының студенттері Сабина Рамазанова мен Ляззат Аманғазы Рига қаласына (Латвия) жіберіледі. Олар Introduction to Digital Humanities, Basic Video, Frame and Shooting Methods, Personal Branding сияқты пәндерді оқиды. Бұл білім студенттерге цифрлық технологиялар, бейне өндірісі және жеке брендті ілгерілету саласында дағдыларын дамытуға көмектеседі, қазіргі заманғы Арт-менеджмент әлеміндегі табысты мансап құру үшін маңызды.
«Балетмейстер өнері» және «Хореографиялық өнер педагогикасы» білім беру бағдарламаларының студенттері Әмірбеков Рүстем мен Бекетбаева Аяулым Мәскеу қаласында (Ресей) білім алуды жалғастырады. Олар классикалық би композициясы, хореографиядағы заманауи бағыттар, би және балет музыкасын талдау және басқа пәндерді оқиды. Осы курстар оларға кәсіби дағдыларын жетілдіріруге, хореография саласында білімдерін кеңейтуге және болашақ мансапта шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға дайындалуға көмектеседі.
Студенттерімізге сәттілік тілей отырып, алған білімдері мен дағдылары олардың кәсіби өсуі мен дамуына ықпал ететініне сенім білдіреміз! Біз олардың жетістіктерімен мақтанамыз және олар жаңа идеялар мен шабытпен оралып, өнер мен хореографияда алдағы уақытта да үлкен жетістіктерге жететініне сенеміз!