Елордада Халықаралық студенттер күніне арналған "Jastar Jalyńy-2024" жастар шығармашылық-спорттық фестивалі аяқталды. Салтанатты жағдайда ең жарқын және талантты қатысушылар марапатталды және Қазақ ұлттық хореография академиясының хореография факультетінің студенттері өз шеберліктерін тағы да растады.
Хореография факультетінің студенттері «Ұлттық би» номинациясында 1 орынды жеңіп алып, қазақ хореографиялық өнерінің жарқын бейнесін көрсетті, сондай-ақ «Мобилография» номинациясында 3 орынды иеленді.
Фестивальдің мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін ашу, дарынды студенттерді қолдау және олардың кәсіби өсуіне жағдай жасау. Фестиваль қатысушылары өздерінің спорттық және көркемдік жетістіктерін көрсетумен қатар, командада жұмыс істеуге, көшбасшылық қабілеттерін көрсетуге және өнер арқылы өздерін ашуға үйренді.