Бүгін Қазақстан тарихында алғаш рет жаңа заң шығарушы орган — бірпалаталы Құрылтай депутаттарын сайлау өтуде. Конституциялық реформадан кейінгі бұл алғашқы сайлау еліміздің саяси жүйесі үшін тарихи маңызға ие. Осындай жауапты сәтте Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы жоғары азаматтық белсенділік танытты.
Академия студенттері алғашқылардың бірі боп сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауын жасады. Өнер жастарының бұл қадамы жаңа буынның ел тағдырындағы өзгерістерге бейжай қарамайтынын және жоғары азаматтық позициясын көрсетті.
Академия ұжымының өкілдері де мемлекеттік маңызы бар оқиғадан тыс қалмай, Астанада өткен «Қазақстанның жаңа дәуірі» жалпыұлттық онлайн-телемарафонының орталық алаңында бой көрсетті. Онда мәдениет, білім және қоғамды дамытудың басты мәселелерін талқылауға үлес қосты.