2025 жылғы 23 сәуірде Қазақ ұлттық хореография академиясының кітапханасында отандық хореографиялық өнер тарихы мен бүгінгі дамуының маңызды кезеңдерін бейнелейтін екі іргелі еңбектің тұсаукесері өтті:
Іс-шараның модераторы ретінде Дәурен Әбіров туралы еңбектің авторы әрі хореографиялық өнер саласының беделді маманы профессор Ізім Тойған Оспанқызы сөз сөйледі.
Дәурен Әбіровке арналған кітап алғашқы қазақ балетмейстерінің өмірі мен шығармашылық жолын ашып көрсетеді. Басылымда өмірбаян, тарихи талдау мен мәдени ой-тұжырымдар ұштасып, Дәурен Әбіровтің қазақстандық сахна мен мәдениеттегі орны жан-жақты ашылған.
Профессор Күлбекова Айгүл Кеңесқызы ұсынған «Кәсіби хореографиялық білім берудің педагогикасы» атты ғылыми монографияда хореография саласындағы кәсіби мамандарды даярлау әдістемесі мен практикасының өзекті мәселелері қарастырылады. Бұл еңбек өнер саласындағы білім беру мен зерттеу ісінде қызмет етіп жүрген мамандар мен студенттер үшін маңызды.
Презентация жылы, шығармашылық атмосферада өтті және ғылым мен өнердің шынайы мерекесіне айналды. Қатысушылар осындай іс-шаралардың мәдени жадымызды сақтау, ғылыми пікір алмасуды дамыту және кәсіби қауымдастықты нығайту жолындағы маңыздылығын ерекше атап өтті.
Қазақ ұлттық хореография академиясы хореографиялық өнер саласындағы мәдени және ғылыми мұраны ілгерілетуді жалғастыра отырып, интеллектуалды кеңістікті дамытуға бағытталған бастамаларды қолдайды.