Сайт бойынша іздеу
Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясы мен Orkenlink меморандумға қол қойды

Астана қаласындағы Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясы өңірлік өкілдігі базасында, Қазақ ұлттық хореография академиясы алаңында Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясы мен Orkenlink арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумға қол қою тараптардың ғылыми-білім беру, мәдени және цифрлық бастамалар саласында ұзақ мерзімді серіктестікті дамыту ниеттерін бекітті. Ынтымақтастық әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға, жастарды қолдауға және Қазақстандағы заманауи білім беру мүмкіндіктеріне қолжетімділікті кеңейтуге бағытталады.

Orkenlink — білім беру жүйесін цифрлық шешімдер мен заманауи тәсілдер арқылы жаңғыртуға бағытталған инновациялық стартап. Платформа оқушыларды, ата-аналарды және педагогтарды біріктіретін бірыңғай білім беру ортасын қалыптастырып, XXI ғасыр дағдыларын — сыни ойлау, креативтілік және тиімді коммуникацияны дамытуға ықпал етеді.

Қол қойылған келісім аясында тараптар келесі бағыттар бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті:

  • Федерация жобаларын ақпараттық сүйемелдеу және олардың медиалық көрінісін арттыру;
  • «TURAQTY JOL 7.0» ұлттық әлеуметтік экокампаниясының жеңімпаздарын білім беру мүмкіндіктері арқылы қолдау;
  • ЮНЕСКО клубтары мүшелеріне арналған кәсіби бағдар беру бастамаларын дамыту, оның ішінде арнайы курстарға қолжетімділік ұсыну.

Қол қою рәсіміне пікір білдірген Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының президенті Болат Ақшолақов: «Бұл серіктестік жастар үшін тұрақты білім беру мүмкіндіктерін қалыптастыру мақсатында инновациялық бастамалармен күш біріктіруге деген ұмтылысымызды көрсетеді. Біз Orkenlink-пен бірлескен жобалар цифрлық білім беру ортасын дамытуға және еліміздегі ЮНЕСКО клубтары мүшелері арасынан жаңа буын — белсенді әрі жауапты азаматтарды қалыптастыруға елеулі үлес қосатынына сенімдіміз», — деп атап өтті.

Өз кезегінде Айнагүл Хамитова — Orkenlink компаниясының негізін қалаушы және CEO: «Orkenlink үшін бұл серіктестік жай ғана ынтымақтастық емес, ортақ миссияны күшейту. Бұл — үздік тәжірибелерді кеңейтуге, жасөспірімдерді мықты қауымдастықтарға біріктіруге және саналы, бастамашыл, әлемді өзгерте алатын жаңа буынды қалыптастыруға мүмкіндік. Біз UNESCO Clubs желісімен бірге балалар мен жасөспірімдер үшін жаңа даму нүктелерін ашып, әрқайсысы өз дауысының маңызды екенін, идеяларының құндылығын және болашағы өз қолында екенін сезінетін орта құра алатынымызға сенімдіміз», — деді.

Меморандум ерікті және коммерциялық емес сипатқа ие, 3 жыл мерзімге жасалып, ұлттық деңгейде стратегиялық ынтымақтастықты дамытуға және бірлескен бастамаларды кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Жұмыс кездесуіне ЮНЕСКО Қазақстан Ұлттық клубтар Федерациясының даму жөніндегі Вице-президенті, Қазақ ұлттық хореографиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанова және Қазақстан ЮНЕСКО Клубтарының Елшісі, медиа сарапшы Махаббат Есен қатысты.

Құжатқа Болат Ақшолақов және Айнагүл Хамитова қол қойды.