Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет саласындағы беделді халықаралық байқаулардың 14 жас жеңімпазын құрметтеуге арналған «Жас таланттардың жаңа есімдері» атты салтанатты кездесу өткізді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева, байқаулардың лауреаттары, олардың педагогтары мен ата-аналары қатысты.
Әсерлі, жылы атмосферада өткен кездесуде жас дарындар, олардың педагогтары мен ата-аналары өз жетістіктері туралы айтып, жоспарлары мен ұсыныстарымен бөлісті. Мемлекет тарапынан жастардың үйлесімді тәрбиесі мен шығармашылық әлеуетін ашу үшін жасалған барлық жағдайлар мен көрсетілген қолдау үшін алғыс сөздерін білдірді.
Жас таланттарды дамытуға зор үлес қосқан мұғалімдерге ерекше назар аударылды.
Жас таланттарды қолдауға және Қазақстанның мәдени әлеуетін нығайтуға бағытталған кездесу еліміздің мәдени мұрасының мәнділігін және оның болашақ ұрпақ үшін дамуының маңыздылығын көрсетеді.