Бұл мереке – еліміздің қарқынды дамуының, халқымыздың бірлігі мен жасампаз рухының, жарқын болашаққа деген нық сенімінің жарқын көрінісі. Елорда – Тәуелсіз Қазақстанның жүрегі, қоғамдық, мәдени және ғылыми өмірдің тоғысқан орталығы, мемлекетіміздің жетістіктері мен жаңа мүмкіндіктерінің айшықты символы.
Елордамыздың еңсесі биіктеп, мерейі үстем болып, көркейіп, гүлдене беруіне тілектеспіз. Әр шаңыраққа бейбітшілік, бақ-береке, ынтымақ пен құт-береке орнасын!
Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс және еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы жаңа жетістіктер тілейміз!