Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі ведомствоның ресми эмблемасын әзірлеуге арналған байқаудың басталғанын хабарлайды. Байқаудың мақсаты – Министрліктің құндылықтары мен миссиясын бейнелейтін, қазіргі заманға сай, бірегей және мазмұнды эмблеманы жасау, сондай-ақ қоғамда жарқын көрнекі бейнені қалыптастыру.
Байқауды өткізу мерзімі: 2025 жылғы 11 сәуірден 12 мамыр аралығы
Байқау үш кезеңде өтеді:
Қатысушылар: Байқауға Министрлік пен оған бағынысты ұйымдардың қызметкерлері мен шығармашылық топтар қатыса алады.
Байқау мақсаттары:
Жұмыстарға қойылатын талаптар: Эмблема түпнұсқалық, масштабталатын, эстетикалық тартымды және Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктерін көрсетуі тиіс. Жұмыспен бірге тұжырымдама сипаттамасы мен эмблеманы әртүрлі форматтарда қолдану нұсқалары ұсынылуы қажет (белгіше, тулар, футболкалар, сувенирлік бұйымдар және т.б.).
Жұмыстарды жолдау мекенжайы: brandbook.mki.kz@gmail.com
Өтінім формасы мен жеке деректерді өңдеуге келісім міндетті түрде қоса берілуі тиіс.
Жеңімпазды марапаттау:
Жеңімпаз арнайы жүлдеге ие болады. Жеңімпаз туралы ақпарат Министрліктің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады.
БАҚ және анықтама үшін байланыс: Электрондық пошта: brandbook.mki.kz@gmail.com