Сайт бойынша іздеу
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Конституция Күні қарсаңында Қазақ ұлттық хореография академиясының қызметкерлерін марапаттады

Қазақстан Республикасының Конституция Күні қарсаңында ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігі Қазақ ұлттық академиясының басшылығы мен қызметкерлеріне мынадай наградалар, грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті:

Академия ректоры Бибігүл Нұрғалиқызы Нүсіпжанова "Ғылымға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды.

Оқу үдерісін ұйымдастыру және жоспарлау қызметінің басшысы Дана Садуақасқызы Абдрасилова, оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және цифрландыру бөлімінің басшысы Анаргүл Кауапова, ғылым, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және аккредиттеу бөлімінің басшысы Айнагүл Тастемірқызы "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісінің" құрметті дипломын алды.

"Ғылым және жоғары білім министрлігінің құрмет грамотасы" Құрмет грамотасымен марапатталды: Досжан Райхан Қазыбекқызы – өнер факультетінің деканы; Тургинбаева Айтолқын Несіпбекқызы – хореография факультетінің деканы; Кокшинова Светлана Юрьевна – кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің директоры.

"Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғысы" алғыс хаттары кеңсе және мұрағат бас маманы Сихимбаева Дина Мырзатайқызына, HR секторының бас маманы Балғабаева Алемгүл Аслханқызына табыс етілді.

Барлық марапатталған қызметкерлерді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің жетістіктеріңіз-көпжылдық еңбектің, өз ісіне берілгендіктің және жоғары кәсібиліктің нәтижесі. Бұл марапаттар сіз үшін Сіздің еңбегіңізді мойындап қана қоймай, одан әрі табысқа жетуге ынталандырсын!