ҚР мәдениет және спорт министрі бұйрығымен Бибігүл Нүсіпжанова Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры болып тағайындалды. Бұған дейін Бибігүл Нүсіпжанова академияның проректоры қызметін атқарған.
Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 1986 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Әр жылдары Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің директоры, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметтерін атқарды.