Академияда тәрбие ісін тек хореография, өнертану немесе басқа да пәндер оқытушылары ғана емес, сондай-ақ басқа да мамандар жүргізеді. Лайықты азаматтарды тәрбиелеу барлық жерде – Академияның әрбір бұрышында жүзеге асырылады.
Бұл процесте кітапхана ерекше орын алады, себебі кітап – білімнің қайнар көзі.
Кітапхана жұмысының негізгі бағыттарының бірі – мәдени-бұқаралық қызмет. Мұнда тұрақты түрде READx жобасы жүзеге асырылады, оған кітапхана оқырмандары – Академияның білім алушылары мен оқытушылары қатысады. «Оқырман ұлт – оқырман Академия» республикалық акциясы аясында кітап оқуды насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізіледі, сондай-ақ кітапханада «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иелерінің қатысуымен кітап оқулары ұйымдастырылады.
Кітапханада «Библиотүн», «Библиоымырт», Халықаралық кітап сыйлау күні, Нүкте күні, түрлі челлендждер және басқа да ауқымды іс-шаралар өткізіледі. Сонымен қатар кітапханада «Bookcrossing» акциясы ұйымдастырылған. Акция «Кітапты оқыдың – басқаларға бер» ұранымен өтеді.
Ең танымал жобалар қатарына мыналар жатады: