Сайт бойынша іздеу
«Бірге оқиық!»: Академия студенттері Ыбырай Алтынсарин мұрасымен танысты

Қазақ ұлттық хореография академиясында Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай, «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған «Бірге оқиық!» республикалық әдеби акциясы өтті.

Іс-шараға «Арт-менеджмент» факультетінің 1-курс студенттері «Бірге оқиық!» республикалық әдеби акциясының тікелей эфиріне қатысып, Ыбырай Алтынсариннің тағылымдық шығармалары арқылы ұлы ағартушының рухани мұрасымен танысты.

Іс-шара барысында студенттер ұлы ағартушының «Таза бұлақ», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімелерін оқып, олардың мазмұны мен тәрбиелік мәні туралы өз ойларымен бөлісті.

Шараның басты мақсаты – жастар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, ұлттық әдеби мұраны насихаттау және оқу мәдениетін қалыптастыру.