Сайт бойынша іздеу
Болгариядан келген қонақтар сапарының нәтижесі

Өткен аптада Қазақ ұлттық хореография академиясында Erasmus KA 171 – Халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасы аясында Асен Диамандиев атындағы Музыка, би және бейнелеу өнері академиясының ғылыми қызмет жөніндегі вице-ректоры, профессор, доктор Антон Андонов пен оның ассистенті, доктор Виталий Емельяненковтың жұмыс сапары өтті (Пловдив, Болгария).

Профессор Антон Андонов Академия студенттері үшін бірнеше практикалық сабақтар өткізсе, оның ассистенті Виталий Емельяненков бірқатар дәрістер оқыды.

Болгариядан келген қонақтардың сапарының соңғы нүктесі Генчо Генчевтің аранжировкасымен Болгар халық музыкасына қойылған болгар халық биі «Среща» (орыс тілінен аударғанда – «Кездесу») болды. Бұл нөмір Академияның репертуарын көркемдеп толықтырады, сондай-ақ би элементтерін үйрену және қою процесі біздің студенттерге болашақ мамандар үшін өте маңызды хореографиялық ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік берді.