Сайт бойынша іздеу
«Art Up 2026» студенттер қатарына қабылдау рәсімі

Бүгін, 24 қарашада, Қазақ ұлттық хореография академиясының оқу театрында бірінші курс білім алушыларын студенттер қатарға қабылдауға арналған «Art Up 2026» салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шараны Академия ректоры Бибігүл Нүсіпжанова ашты. Бірінші курс студенттеріне арнаған құттықтау сөзінде ол әрбір студенттің дарыны мен шығармашылық әлеуетін ерекше атап өтіп, Академия басшылығы мен педагогикалық ұжымы олардың кәсіби, тұлғалық және шығармашылық қалыптасуына зор үміт артатынын жеткізді.

«Art Up 2026» іс-шарасы «Арт-менеджмент», «Креативті арт-индустрия», «Хореография өнерінің педагогикасы» және «Спорттық бал биі педагогикасы» білім беру бағдарламаларының бірінші курс студенттерін біріктірді. Студенттер би және актерлік шеберліктерін, креативтіліктері мен сахналық қойылымдарға деген ерекше көзқарастарын көрсетіп, жарқын әрі мазмұнды бағдарлама ұсынды.

Концерт жылы, мерекелік атмосферада өтті, ал бірінші курс студенттерінің өнері көрермендер мен қонақтардың зор қошеметіне бөленді.