Сайт бойынша іздеу
«Читающая мама» жобасы

Ағымдағы жылдың сәуір айында бастауыш сынып оқушылары арасында «Читающая мама» жобасы жарияланды. «Робинзон Крузо» атты ертегісін 1 А сынып оқушылары: Аяған Батырлан мен Аяған Байырланның аналары ұйықтар алдында оқып берді.

Балаларға кітап оқудың пайдасы сөзсіз. Көптеген ата-аналар балаларына кішкентай кезінен бастап кітапқа деген қызығушылықтарын оятуға тырысады, сондықтан ұйықтар алдында балаларына ертегілерді оқиды. Бұл балалардың қиялын, тіл байлықтарын дамытуға және кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға септігін тигізеді.