2025 жылғы 24 желтоқсанда Қазақ ұлттық хореография академиясында Music Club аясында алдағы Жаңа жылды мерекелеуге арналған Christmas Party өтті.
«Креативті арт-индустрия» мен СББП білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттері Академия білім алушылары мен оқытушылары үшін жарқын Christmas Party ұйымдастырды.
Ағылшын тіліндегі викторина, музыкалық және би нөмірлері – осының бәрі шараны ерекше әрі мерекелік етті.