Бүгін Қазақ ұлттық академиясына Қытайдан қонақтар келді. Қытайдың Ұлттық мұнай-газ корпорациясының (CNPC) өкілдері ресми сапармен келіп, Академияны аралап шықты.
CNPC – Академиямыздың қызметін қолдап жүрген ірі демеушілердің бірі. Экскурсия барысында қонақтар инфрақұрылыммен танысты: CNPC қолдауымен ашылған бассейн, спорт залы, балалар кітапханасы, музей, лингафон кабинеттері, жатақхана бөлмелері, балет залдары, оқу театры және медициналық бөлім көрсетілді. Сондай-ақ Қытайдан келген меймандар мектеп-колледж оқушыларының сабағына қатысып қайтты.
Жалпы алғанда, Академия экскурсияға қатысқан қонақтардың жылы лебізі мен ризашылығына ие болды.