Қазақ ұлттық хореография академиясында коронавирусқа қарсы екпе жасалды. Қызметкерлер мен студенттер Спутник V ресейлік вакцинаның бірінші компонентін алды.
Ұжымның қауіпсіздігі және қызметкерлерге қолайлы болу үшін рәсімді Академияның медициналық блогында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №9 қалалық емханасының №2 көшпелі бригадасының медицина қызметкерлері өткізді.
Айта кетейік, бұл Академия қызметкерлері арасында вакцинацияның үшінші кезеңі, екпелер ерікті негізде жасалады.